Елімізде жеңілдетілген автонесие беру ережелері өзгермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жеңілдетілген автонесие беру ережелері өзгермек

24.01.2023

Елімізде жеңілдетілген автонесие беру ережелері өзгермек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі хабарлады. Марат Қарабаевтың айтуынша қазір жұрт 4 пайызбен машина алу үшін алдымен автосалонға барып кезекке тұрады. Енді бағдарлама операторы бұл механизмді өзгертуді жоспарлап отыр. Оған сай азаматтар бірінші автосалонға емес, Өнеркәсіпті дамыту қорында электронды кезекке тұрмақ. Әрі несие көлемі 10 миллион, ал көлік бағасы 15 миллион теңгеге дейін болуы мүмкін. Яғни бағдарламаға қымбат көліктер кірмейді деген министр ереженің қалай өзгеретіні жайлы осы апта белгілі болады дейді.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Өнеркәсіпті дамыту қоры осы апта арнайы брифинг өткізіп, барлық сұрақтарға қатысты түсінік береді. Бағдарламаның қашан басталатыны жайлы хабарлайды. Меніңше осы айдың аяғында несие қайта беріле бастауы керек.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу