Елжан Біртановтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртановтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті

24.01.2023

Астана қалалық сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Бүгін тараптар соңғы мәрте өз уәждерін айтты. Алғашқы болып сөз кезегі қорғаушы Дмитрий Куряченкоға берілді. Ол екі сағаттан астам сөз сөйлеп, экс министр мен оның орынбасары Олжас Әбішовтың кінәсіз екенін алға тартты. Еске сала кетсем қазан айында Сарыарқа аудандық соты қазына қаражатын талан-таражға салды деп бұрынғы шенеуніктерді 5 және 4 жылға бас бостандығынан шектеген еді. Сонымен қатар 1 млрд 350 млн теңгені қазынаға төлеуге міндеттеген. Апелляциялық сот аясында тараптардың барлығы өз дәлелдерін келтірді. Енді сот үзіліс жариялайды. Ал үкімнің нақты қашан шығатыны әзірге белгісіз. Бұрынғы министр соттың шешімі өз пайдасына шықпаса күресін әрі қарай жалғастырмақ.

Елжан Біртанов
Заң бойынша біздің мүмкіндіктеріміз бар. Ары қарай жоғары сот, конституциялық сот, халықаралық соттар бар. Себебі біз өзіміздің тазалығымызға сенгеннен кейін, өз күшімізді саламыз, аяғына дейін барамыз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу