Еуропалық Одақ қазақ билігінің «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған реформаларын қолдайды. Бұл туралы ұйым өкілдері Брюссельде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесу барысында мәлімдеді. Вице-министр ЕуроОдақтың адам құқықтары жөніндегі төрағасы, Еуропа сыртқы істер қызметінің өкілдері және Еуропарламент депутаттарымен кездесті. Тараптар Транскаспий көлік дәлізі арқылы сауда-саттықты арттыру, Қазақстан азаматтарына Шенген визасын рәсімдеуді жеңілдету мәселелерін талқылады. Еуропа тарапы наурызда өтетін Мәжілістің кезектен тыс сайлауына да қызығушылық танытып отыр.
Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула Фон Дер Ляйен биыл Қазақстанға сапарлап, шикізат материалдары, батареялар мен «жасыл» сутектің құн тізбектері саласындағы стратегиялық әріптестік туралы былтыр Премьер-Министр Смайыловпен қол қойған меморандумды жүзеге асыруға бағытталған жол картасын бекітеді деп күтілуде. Қазақстан Еуропа нарығына 8-9 пайыз мұнай тасымалдап отырған ең маңызды энергоресурс жеткізушілердің бірі. Енді жасыл сутегі, энергияның жасыл көздеріне үлкен мән берілетін болады.
Нұрсұлу Қасым