Шетелдік көлікті заңдастыру: СҚО тұрғындарынан 157 өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік көлікті заңдастыру: СҚО тұрғындарынан 157 өтініш түсті

24.01.2023

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік көлікті заңдастырудың алғашқы күнінде тұрғындардан 157 өтініш түсті.

Мамандар аймақта 7 мыңға жуық адам темір тұлпарын тіркеуден өткізеді деп болжап отыр. Олардың 500-і көлігін Армениядан, қалғаны көршілес Ресейден әкелген. Науқанның бірінші күнінде автокөліктерін заңдастыруға асыққан тұрғындар кезекке тұрды. Дегенмен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегідей жұмыс істеп тұр. 3 кезеңдік тексеруден өткен темір тұлпар иелеріне тиісті құжаттар мен мемлекеттік номер беріледі.

Қайрат Сейітқұлов, облыстық Полиция департаментінің мемлекеттік автоинспекторы:

Егер үш кезеңде бәрінен оң жауап шықса, 15-25 минут аралықта тіркеуден өтеді.


Хабарламаларға жазылу