«Алматы жылу желілері» және «Балқаш жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алматыны жылумен қамтитын кәсіпорынның бас директоры мен басқа да қызметкерлеріне 16 миллион теңге пара алды деген айып тағып отыр. Ал «Балқаш жылу» мекемесінің басқа компаниялар алдында 1,5 миллиард теңге қарызы болса да, директордың бұрынғы орынбасары мен бас есепші өздерінің шоттарына артық жалақы аударып отырған. Олар осы әдіспен 272 миллион теңгені жымқырған. Екі дерек бойынша да күдіктілер өз кінәсін толық мойындаған.
Руслан Нұрланұлы