Сенат төрағасы бастаған делегация Қырғызстанға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы бастаған делегация Қырғызстанға барды

23.01.2023

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата делегациясы ресми сапармен Қырғыз еліне барды. Мұнда қазақ-қырғыз зиялыларының VII форумы өтпек. Әрі Әшімбаев бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған. Соның бірі бүгін өтті. Сенат төрағасы Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевпен жолығып, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайын талқылады. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев 1916 жылғы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандарды еске алуға арналған «Ата-Бейит» тарихи мемориалына гүл шоғын қойды және әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың рухына тағзым етті.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу