Ресейде санкция салдарынан автокөлік өндірісі тоқтады. Ал қоймадағы шетелдік көлік таусылды.
Индира Бегайдар, тілші:
Әзірге Ресей үкіметі көлік тапшылығын шешу бойынша ешқандай жоспарын жарияламады. Биліктің бұл бағытта атқарып жатқан жұмысы байқалмайды деуге болады. Ал жалпы алғанда, қазір Ресей бойынша жаңа көлік сатып алу қиын. Сондықтан компаниялар мен қалтасы көтеретін тұрғындар Корея, Жапония, Қытаймен шектесетін Владивостоктан ұсталған көлікті әкеп жатыр. Осы күнге дейін 197 мың темір тұлпар сатып алынған. Елге көлікті заңсыз жолмен кіргізу жағдайлары көбейген.
Илья Ушаев, сарапшы:
Көлік бағасы қатты көтеріліп кетті. Шамамен әр көлік құны 2 млн рубльге өскен. Ресейге жеткізілетіндердің сапасы көңіл көншітпейді. Мәселен, Қытайда 10-15 мың доллар тұратын машинаны бізге кем дегенде 35 мың доллардан сатып отыр.
2022 жылдың басында ресейлік автокөлік нарығында 60-қа жуық бренд болды, жылдың аяғында тек 14-і қалды, қазір мүлдем жоқ. Жаңа машиналардың тапшылығы алдағы айларда 1 млн данаға жетуі мүмкін, дейді сарапшылар.
Индира Бегайдар