Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шектің 7-ден 5 пайызға төмендетілуі құптарлық қадам. Үміткерлерге партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік берілуі сияқты оң өзгерістер елдегі саяси ахуалдың дамуына есік ашады. Мұндай жаңашылдықтар халық арасынан шыққан үміткерлерге берілген мүмкіндік деп санайды қарапайым тұрғындар.