Бүгін Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті.
Сөз өнерін жетік меңгерген талантты жастар бақ сынасты. Сайысқа 16-20 жас аралығындағы талапкерлер қатысты.
Байқауға қатысушылар өлеңді оқып қана қоймай, оның астарына үңіліп, ішкі терең сырларын көрерменге жеткізді.
Қазылар алқасы талапкердің көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне назар аударды.
Жеңімпаздар республикалық байқауда елорданың намысын қорғайтын болады.
Ләззат БЕКТАС