Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары талқыланды.
Бірқатар жеке компаниялардың меншік иелерінен 145 кірме теміржолын республика меншігіне беру туралы ұсыныстар келіп түскен. Үкімет басшысы осы шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстың барысын қарады.
Азамат Бейбітұлы