Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілуі және үміткерлерге партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік берілуі сияқты өзгерістерге ел оң баға беріп, алдағы сайлауға қатысты пікірлерін айтып жатыр. Көпшілік бұл саяси науқанды – президент бастаған түбегейлі реформаларының айқын көрінісі дейді.
- Биылғы жылы мәжіліс, мәслихат депутаттарын осылай мажоритарлы, пропорциналды жүйе негізінде сайлау – өте дұрыс және саяси бәсекені күшейтеді. Бәсеке болған жерде, нәтиже болады деп ойлаймын
- Биылғы сайлауда көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Мысалға алатын болсақ, бұрындары бүгінге дейін партиялық тізіммен өтетін болса, ал енді кез-келген азамат және қоғамдық ұйым белсенділері, саясатта өздерін көргісі келген жандар үшін бұл өте мүмкіндік болып отыр. Алдағы уақытта өздерінің кандидаттарын ұсынып, депутат болуға және де халықтың мәселесін көтеруге.
- Халық жаңа саяси күшті, саяси элитаны өзі таңдауға мүмкіндік алып отыр. Оның ішінде белгіленген пункт ретінде жастардың, әйелдердің депутаттыққа сайлана алуының өзі де жаңа бір мүмкіндік. Ашық қоғамның мысалы деп айтуға болады.
- Адамдардың партияда болу шегі төмендетілді. Бұрын 20 мың адам болатын болса, қазіргі күні 5 мың адам. Парламентке өту үшін бұрын 7 пайыздан көп дауыс жинау керек болса, бүгінгі күні 5 пайыз жинаса, Парламентке өтетін жағдай туды. Яғни бұл да бір демократиялық үрдістердің көрінісі.