«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды. Партия төрағасы Әли Бектаев осындай мәлімдеме жасады.
Сонымен бірге саяси науқанға қатысуға дайын екендерін жеткізді.
Әли Бектаев, «Ауыл» ХДП партиясының төрағасы:
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды. Біз Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Бұл бізді қорқытпайды, керісінше ынталандырады.
Асылбек Данияр