Атырау тұрғыны жемқорлық әрекеті туралы хабар бергені үшін 12 млн теңге сыйақы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау тұрғыны жемқорлық әрекеті туралы хабар бергені үшін 12 млн теңге сыйақы алды

20.01.2023

Атырау тұрғыны жемқорлық әрекеті туралы хабар бергені үшін 12 миллион теңге сыйақы алды. Бұл пара сомасының 10 пайызы. Ол бұрынғы облыс әкімі орынбасарының қылмысын әшкерелеуге жәрдемдескен.

Антикордың мәліметінше, былтыр 134 азаматқа 40 млн теңге сыйақы төленді. Ең ірі төлем Атырау және Қызылорда облысында тіркелген. Құзырлы мекеме олардың толық құпиялығын қамтамасыз етеміз дейді.

Сыбайлас жемқорлық туралы деректерді 1424 арнайы нөмірі арқылы немесе мекемеге тікелей барып хабарлауға болады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу