«Amanat» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды

20.01.2023

«Amanat» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды. Партия төрағасы Ерлан Қошанов бүгін арнайы мәлімдеме жасады. Оның сөзінше бұл қоғам мен елдегі саяси күштер үшін күтпеген жағдай емес. Себебі Президент былтыр қыркүйек айында сайлау күнтізбесін алдын ала, ашық жария еткен болатын. Қошанов «Amanat» партиясы аз уақыттың ішінде түбегейлі трансформациядан өткенін және алдағы сайлауға тас-түйін дайын екенін атап өтті.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:
Бұл сайлау – жаңа демократиялық дәстүрлер қалыптастыруға мұрындық болады. Еліміздің әрбір азаматы осы саяси науқанның жүгі мен жауапкершілігін терең сезінуі керек. Себебі, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұрақты дамуы үшін, халқымыздың бейбіт өмірі мен бақуатты тұрмысы үшін бәріміз жауаптымыз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу