Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқабына қар жинап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқабына қар жинап жатыр

20.01.2023

Солтүстік Қазақстан облысының егіс алқаптарында қар тоқтату жұмыстары басталды.

Мамандардың айтуынша, мұндай агротехникалық шара егін түсімін 30 пайызға дейін артыруға мүмкіндік береді. Өңірде былтыр 4,4 млн га алқапқа астық егілген. Орташа өнімділік 15,4 пайызды құрады. Биыл теріскейде жауын-шашын аз. Кейбір ауданданда қардың қалыңдығы 5 сантиметрге ғана жетеді.


Айдын Нұрғалиев, агроном:

Қардың биіктігі 12 сантиметрден асты. Біз вот снегопахтармен снегозадердение қылып, істеп жатырмыз. Қаңтар, ақпанның борандарын, қарларын бізге жинап, накопление қылуға керек.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу