Жетінші республикалық «Халықтар биі» байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетінші республикалық «Халықтар биі» байқауы қорытындыланды

17.04.2015
Жетінші республикалық «Халықтар биі» байқауы қорытындыланды

Мүгедек жандар өз сезімін, өмірге деген құлшынысын би арқылы жеткізді. Еліміздің барлық өңірінен келген би топтары бақ сынасып, өнер әлемінде қалықтады. Жүзден жүйрік шыққан үздіктер бүгін марапатталды.

Гран-приді астаналық «Ақ шағала» жеңіп алса, бірінші орынды семейлік «Биші арулар» тобы иеленді. Ал екінші орынды Өскеменнен келген «Мечта» тобы мен алматылық «Өрлеу» би тобы бөлісті. Үшінші орынды Тараздан келген «Жігер» тобы алды.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу