Риддер қаласындағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер қаласындағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр

19.01.2023

Шығыс Қазақстанның Риддер қаласындағы жылу электр орталығында болған өрт кезінде 280 шаршы метрдей аумақ жалынға оранған.

Алдын ала мәліметке сай, қазандықтарға көмір беру бөлігі жанып кетті. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімінің техникасы мен жеке құрамы толық жұмылдырылған. Өскеменнен 10 өрт сөндіру машинасы мен мамандар көмекке барды. Оқиғаға байланысты облыс әкімінің жетекшілігімен арнайы штаб құрылды. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Ал жылыту орталығындағы қазандықтар түгелдей мазутқа көшірілді.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

Қазіргі таңда осы жерде 380 тонна мазут бар. Жолымызда тағы да 960 тонна бар. Сонда бізде 1200 тонна бар. Бір тәулікте 240 тонна мазут іске салынады. Сонда бізде 5 күндік қор бар. 


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу