Испанияның солтүстігіндегі елді мекендер қар астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның солтүстігіндегі елді мекендер қар астында қалды

19.01.2023

Испанияның солтүстігінде боран соғып, талай елдімекен қалың қардың астында қалды. Әсіресе, Баскілер еліндегі жағдай қиын. Мұндағы жұрт аппақ көшкінмен бірге, аяздан да зардап шегіп отыр.

Арнайы техника дереу көшеге шығарылғандықтан, кептеліске жол берілген жоқ. Бірақ сағаттап жауған қардан көлік қатынасы айтарлықтай баяулаған.

Жалпы алғанда, қазір 128 автомагистральдағы ахуал қиын. Дегенмеy жапа шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу