Алматыда қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған

19.01.2023

Алматыда қатты аяз салдарынан 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Басым бөлігі көктайғақтан құлап жарақат алғандар. Бір адам көз жұмды. Алматыдағы ахуалды дәл қазір әріптесім Жазира Оразқызы баяндауға әзір. 

 Жазира Оразқызы, тілші:

Биылғы қытымыр қыс алматылықтар үшін күтпеген жайт болды. Бірнеше күн қатарынан қалың қар жауып, біраз әбігерге түстік десек те болады. Қатты аяз күндері түрлі жарақаттармен 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Оның ішінде 11 науқасты үсік шалған. Сондай-ақ қолайсыз ауа райының салдарынан бір тәулікте 160-қа жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 30-ға жуық жолаушы түрлі жарақаттар алған. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталаған. Мұндай суық 54 жыл бұрын болған екен, қаңтардағы аяздың ызғары қатты болды. Қазір күн райы -10 градусты көрсетіп тұр.


Хабарламаларға жазылу