Қызылорда облысының Аманөткел ауылында есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері олардың үйін тінту барысында 2 келіден аса кептірілген марихуанна тәркілеген. Сондай-ақ гашиш және басқа да айғақ заттар табылды.
Шағын елдімекендегі жастарға есірткі жеткізіп тұрған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.