Астанада коммуналдық төлемдер негізсіз жоғарылап кеткен. Табиғи монополияларды реттеу комитетіне тұрғындардан осындай шағым түсіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, өткен жылдың желтоқсан айына есептелген электр қуаты мен жылу үшін төлемдер көтерілген. Сол себепті Астана қаласы бойынша «Астанаэнергосбыт» серіктестігі мен «Астана-АЭК» акционерлік қоғамына жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті осы ұйымдарға хабарлама жіберген.