Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Бағаны тежеу үшін кешенді шаралар қажет. Депутаттар бүгін Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Инфляция былтыр 20 пайыздан асып кетті. Бұл болжамды көрсеткіштен 5 есе көп. Салдарымен емес, себебімен күресу керек. Ал қолданыстағы тәсілдер ескірген. Қабылданып жатқан шаралардан нәтиже жоқ. Көтерме-тарату орталықтары жағдайды реттеуі тиіс еді. Алайда, бастаманың өзі жеміссіз деп отыр депутаттар.
Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жүйелі кешенді шаралар әзірлеу керек. Ол үшін алдымен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешенге басымдық беру керек. Екіншіден мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өнімсіз шығыстарды қысқартқан жөн.
Асима Нұрбайқызы