Балалардың ойын алаңына бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан азамат 2 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың ойын алаңына бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан азамат 2 жылға сотталды

18.01.2023

Балалардың ойын алаңына бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан азамат 2 жылға сотталды. Оқиға Павлодар қаласында болған. Құқық қорғау органдары хабарлама түскеннен кейін, көп ұзамай заманауи техника көмегімен телефон шалған күдіктінің мекен-жайын бірден анықтаған.

Сотта 58 жастағы ер адам 112 номеріне қалжыңдап қоңырау шалғанын айтып, кешірім сұрағанымен, жауапкершіліктен құтылмады. Жалпы жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқандарды сот 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға құқылы.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу