«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың балалары мен жараланған жеткіншектерге білім гранттарын тағайындаған болатын.
Қордың қамқоршылық кеңесі бағдарламаның шарттарын кеңейту және оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Яғни, тек жоғары оқу орындарына ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша колледждерде оқу үшін білім беру гранттары беріледі.