Петропавл мәдениет үйінің директоры пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл мәдениет үйінің директоры пара алды деген күдікке ілінді

18.01.2023

Петропавл қалалық мәдениет үйінің директоры «пара алды» деген күдікке ілігіп, екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған кәсіпкерден 454 мың теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл ақшаны ол 8 млн теңгенің тендері бойынша орындалған жұмыстың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін сұраған. Сонымен қатар мәдениет үйінің директоры мемлекеттік сатып алудың күшін жою туралы заңсыз бұйрық шығарған. Тергеу жүріп жатыр.

Айдос Жүнісов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

Қазір жұмыс орнында. Ол кісіні қамауға алу туралы сұрағымыз әлі қарастырылуда. Біз қызметтен шеттеткен жоқпыз. 



Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу