Днепр қаласына Ресейдің зымыранмен жасалған шабуылынан қаза тапқандар саны 44-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Днепр қаласына Ресейдің зымыранмен жасалған шабуылынан қаза тапқандар саны 44-ке жетті

17.01.2023

Украинаның Днепр қаласына Ресейдің зымыранмен жасалған шабуылынан қаза тапқандар саны 44-ке жетті. 79 адам жараланған. Олардың арасында 16 бала бар. Ракета құлаған 9 қабатты тұрғын үйдің 72 пәтері қираған. Іздеу-құтқару жұмысы аяқталды. 20 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Киев шабуылды терроризм деп атап, Батыстан көбірек қару сұрады. Ал Мәскеу бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын жоққа шығарып отыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:
Украинаның қауіпсіздік қызметі бұл шабуылды дайындаған және жүзеге асырған, Ресей әскерилері туралы ақпаратты жинап жатыр. Әскери қылмысқа қатысты адамдардың барлығы табылып, жауапқа тартылады. Днепрге жасалған шабуыл Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясына кіреді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу