Қайтарымсыз грантқа өтінімдер жаңа ереже бойынша қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайтарымсыз грантқа өтінімдер жаңа ереже бойынша қабылданады

17.01.2023

Үкіметтік емес ұйымдар енді мәселені шешудің жолын өздері ұсынады. Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл 6 сала бойынша 47 грант бөлінген. Оның 22-сі қысқа , 16-сы орта, тоғызы ұзақ мерзімге жоспарланған. Қаржыландыру 500 айлық есептік көрсеткіштен басталады. Ұзақ мерзімді гранттарға он мың айлық есептік көрсеткіштен көп қаражат бөлінуі мүмкін. Жалпы биыл бұл мақсатқа 1 миллиард 292 миллион теңге көзделген. Сонымен қатар өтінімдер жаңа ереже бойынша қабылданады.

Ғалым Құрман, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы:

Жаңа механизм шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың өздері мәселені шешу жолдарын ұсынатын "Төменнен жоғары қарай" қағидасы енгізіледі. Үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық консультациялар және халықаралық тәжірибені талдау негізінде градуирленген гранттар жүйесі енгізіледі. Қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді. 

Хабарламаларға жазылу