Мәжіліс сайлауына биыл республикалық бюджетте қаражат жоқ. Бұл туралы Үкімет қабырғасында Қаржы министрі айтты.
Ведомство басшысы науқанға қаржы қажет болса, бюджет наурызда қайта қаралатынын жеткізді. Егер Орталық сайлау комиссиясынан тапсырыс болса, қаржы шұғыл түрде Үкімет резервінен бөлінуі мүмкін.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі:
Республикалық бюджетте биыл сайлауға қаражат жоқ. Егер нақтылау кезінде керек болса, оны қарастырамыз. Өткізу керек болса, біз қаражат бөлеміз.