Шығыс Қазақстанда жол тазалауға маман мен арнайы техника жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жол тазалауға маман мен арнайы техника жетіспейді

17.01.2023

«Қазгидромет» орталығының мәліметі бойынша шығыста соңғы бір жарым айда 2 метрге жуық қар жауған. Таулы өңірлерде бұдан да қалың. Желтоқсанның соңынан бастап қаңтардың алғашқы аптасында қар тоқтаусыз жауса, одан бірнеше күн қатарынан дауыл соқты. Осының кесірінен кей күндері барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды. Алайда соған қарамастан жолға жауапты мердігер мекемелер тоқтаусыз жұмыс істеді.

Жалпы Шығыс Қазақстанда 12 мың шақырым жол болса, оның 3414-і республикалық маңызға ие. Осы жолды қардан уақтылы тазалап үлгеру үшін аз дегенде 150 ге жуық техника болу керек. Бүгінде 70 ке жуығы ғана жолда жүр. Алайда, көбісі қолданылғанына 20 жылдан асқан ескі. Сондықтан жиі күтім қажет. Ал жолға жауапты коммуналдық мекемелерге қазір сапалы ауыр техникамен қоса білікті мамандар да жетіспейді.

Айдын Ескенов, «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚО филиалы директорының міндетін атқарушы:

Техника жағдайы бойынша, маман жетіспеушілігі бойынша қиындықтар бар. Бізге қазір жас мамандар қажет. Бүкіл республика бойынша үш жылдыққа 500 дана техника, ал жақын арада 300 дана техника алу жоспарланып отыр.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу