Шетел автокөліктерін заңдастыру 23 қаңтарда басталады. Көлік иелері ол үшін АвтоЦонның тіркеу бөліміне тиісті құжаттар мен темір тұлпарын апаруы тиіс. Болмаса «Электрондық Үкімет» порталы арқылы өтініш бере алады. Мамандар ұсынылған материалдарды зерттеп, нақты шешім қабылдайды. Сондықтан, азаматтар бей-берекет мазасызданудың қажеті жоқ, дейді Ішкі Істер министрлігінің өкілі. Жалпы, бір реттік акция аясында 200 мың теңгеге автокөлікті заңдастыру үшін қойылатын басты талап: көлік өткен жылдың бірінші қыркүйегіне дейін әкелінген және іздеуде болмауы тиіс. Басқа мемлекеттегі тіркелген есептен шығару, кедендік тазалаудан өтуі де басты шарттардың бірі. Автокөліктердің әрқайсы Интерпол және ТМД базалары бойынша тексеріледі.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға жүк автомобильдеріне, оның ішінде оң жақты басқару органдары бар автокөліктерге қолданылады. Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.
Асылбек Данияр