Астана маңындағы ауылдардың экономикалық әлеуеті жақсарады - Әлихан Смайылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана маңындағы ауылдардың экономикалық әлеуеті жақсарады - Әлихан Смайылов

16.01.2023

Астана маңындағы ауылдардың экономикалық әлеуеті жақсарады. 2025 жылға дейін балабақша, мектеп секілді әлеуметтік нысандардың қатары көбейіп, коммуналдық мәселелердің біразы шешімін табады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Сондай-ақ кеңесте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдің өзге де ауылдық жерлерінде түйіні шешілмеген аурухана, интернет сапасын жаңғырту және жұмыспен қамту сынды шаралар іске асырылады, деді. Мерзімі 2027 жылға дейін. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының тиісті жарлығы мен сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындалады. Отырыста бұдан өзге республиканың отын-энергетика және электр энергетикасы саласын дамыту тұжырымдамасы қаралды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу