Қостанайда 11-сынып оқушысы зияткерлік өнімге авторлық құқық куәлігін алды. Ол «Интерактивті оқытудың жобасын әзірлеген. Бұл жоба 3D кеңістігінде процесті геймификациялау арқылы ағылшын тілінде «Информатика» пәні бойынша білім беруге арналған. Жас өнертапқыштың өзі ойлап тапқан жаңа жүйе оқыту әдістерін әртараптандырып, оқушылардың қызығушылығын тудыратынына сенімді. Өйткені сауалнама нәтижесі ойын форматындағы интерактивті оқыту платформасының тиімді екенін көрсетіп отыр.
Ерболат Сембаев, 11-сынып оқушысы:
Мектептегі сабақтың бірі квест форматында өтті. Бұл өте қызықты болды. Бірақ бұл іс-шараны дайындау мұғалімнің көп уақытын алды. Сондықтан мен ұстаздардың уақытын үнемдейтін және олардың жұмысын жеңілдететін сондай-ақ оқушыларға шынымен қызықты интерактивті форматта білім алуға мүмкіндік беретін 3D ойынын жасауды шештім.
Дәуренбек Әбдібек