Швейцарияның Давоста қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцарияның Давоста қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

16.01.2023

Швейцарияның курорттық қаласы Давоста қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтіліп жатыр. Қаңтардың 20-да мұнда Әлемдік экономикалық форум ашылады. Оған 52 мемлекеттің басшысы мен премьер-министрі, 56 қаржы және 30 сауда министрі, 19 орталық банктің төрағалары қатысады. Сонымен қатар, дүниежүзілік конференцияға ондаған елдің сыртқы істер министрі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының, Халықаралық валюта қорының жетекшілер шақырылған. Шетелдік делегаттарды қорғауға 5 мыңдай жауынгер мен әскери ұшақтар тартылып отыр.

Биыл Давос форумында 2023 жылы жаһандық рецессияға жол бермеу, климаттың өзгеруімен күрес және Ресей-Украина қарулы қақтығысынан туындаған энергетикалық дағдарысты еңсеру мәселелері талқыланады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу