Португалияда мұғалімдер ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияда мұғалімдер ереуілге шықты

16.01.2023

Португалияда мұғалімдердің ереуілі толастар емес. Ел астанасы Лиссабонда өткен наразылық шеруіне бұл жолы 100 мыңға жуық адам қатысты. Мектеп ұстаздары биліктен жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды сұрады. Сондай-ақ, елдің білім министрі Жоао Коштудың отставкаға кетуін талап етті. Желтоқсаннан бері үзіліссіз ұйымдастырылып келе жатқан ереуілдің кесірінен мектептер жабылып, білім беру процесі тоқтаған.

Сусана Цармо, мектеп мұғалімі:
Былтырдан бері бәрі қымбаттады. Бірақ, біздің жалақымыз көтерілмейді. Айлық түкке жетпейді. Біз жұрттың баласын қалай тәрбиелейміз?! Үйде өз баламыз аш отырса.

Исидора Сантос, мектеп мұғалімі:
Қазіргі қымбатшылықты ескеріп, индексация жасауға міндетті. Үкімет талабымызды орындамаса, жұмысқа шықпай, ереуілді одан сайын күшейтеміз.
Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу