Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту, маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылайды. Қазақстанның Әмірліктермен сауда айналымы былтыр 610 млн доллардан асқан. Таяу шығыстағы бұл мемлекетке тазартылған мыс, мұнай өнімдері, арпа мен етке дейін экспортталады. Ал Әмірліктерден металл өнімдері, құрылысқа қажет заттар, киім-кешек пен азық-түлік импортталған. Сонымен бірге бүгін Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, іскерлік орта өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Ақерке Бектас