Қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Биатлоншы Вадим Куралес 15 км қашықтықтағы жекелей сында чемпион атанды. Жарыс жолына 16-шы болып шыққан қазақстандық спортшы нысана көздеуден бір рет қана мүлт кетіп, 42 минут 37 секундта мәреге жетті. Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг Вадимнен 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орын алды. Ал франциялық Аксель Гарнье үздік үштікті түйіндеді. Вадим Куралес оны 1 минут 16 секундқа озып кеткен. Қазақстан атынан осы сынға Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков те сынға түскен еді. Универсиада 2023 қаңтардың 22-не дейін жалғасады.