Астанадан саяси науқанға 6 кандидат қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан саяси науқанға 6 кандидат қатысып жатыр

14.01.2023

Астанада Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды. Мегаполистен саяси науқанға барлығы 6 кандидат қатысып жатыр.

Асылбек Данияр, тілші:

Дәл қазір Астананың мәслихат депуттары дауыс беруге кірісті. Алдымен олар электронды тіркеуден өтті. Қалалық Сайлау комиссиясының ақпараты бойынша 31 депутаттың 29-ы дауыс беруге қатысып жатыр. Олар Сенат депутаты болып сайланатын 2 адамды таңдайды. Өйткені, қазір қатарынан 2 сайлау өтіп жатыр.

Сайлау барысын сайлау комиссиясы өкілдерінен бөлек, журналистер мен кандидаттың сенім білдірген адамдары бақылайды. Науқанның қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы алдағы күндері жариялайтын болады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу