Орталық сайлау комиссиясы елдегі саяси науқанды онлайн сервис арқылы бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясы елдегі саяси науқанды онлайн сервис арқылы бақылайды

14.01.2023

Орталық сайлау комиссиясы елдегі саяси науқанды онлайн сервис арқылы бақылап отыр. Комиссияның интернет ресурсы барлық аймақтардағы ахуалды қамтуға қауқарлы.

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Мына экран арқылы ел аумағындағы саяси процесті толық қарап, бақылауға болады. Бұл сайлаудың ашықтығы мен жариялығына ықпал етеді. 17 облыс пен 3 мегаполистің бәрі бар.

Дауыс беру енді басталып жатыр. Сондықтан цифрлар әлі өзгерген жоқ. Ал жалпы, биылғы Сенат сайлауына 55 кандидат қатысып жатыр. Ал жоғары палатаға белгіленген орын саны - 20.

Бүгінгі сайлау қорытындысы бойынша сонымен Парламент Сенатына жаңадан 20 депутат қосылады.


Хабарламаларға жазылу