Ақмола облысында 12 миллион теңге ұрлаған бас есепші 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 12 миллион теңге ұрлаған бас есепші 7 жылға сотталды

13.01.2023

Ақмола облысында өзі жұмыс істеген компаниядан 12 миллион теңге ұрлаған бас есепші 7 жылға сотталды. Ол бірнеше жыл қатарынан қаржыны жалақы есебінде өзінің және туыстарының есепшотына аударып отырған. Экс-бухгалтердің ақша жымқырғаны куәгерлердің айғақтарымен, банктен алынған мәліметтер және сот-экономикалық сараптамамен дәлелденді. Ол кінәсін сотта толық мойындады. Жұмыс берушіге келтірген шығын толық өтелді. Бас бостандығынан айырылған бухгалтерге мемлекеттік ұйымдарда өмір бойына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. 

Хабарламаларға жазылу