Жасырған активі анықталғандардың банкроттығы жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасырған активі анықталғандардың банкроттығы жойылады

13.01.2023

Үш жыл ішінде жасырған активі анықталған жеке тұлғалардың банкроттығы жойылады. Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Банкроттық туралы заң жобасын түсіндіру бойынша елордада өткен семинарда мәлімдеді. Оның айтуынша бақылау кезінде табысы артқан адамдарға қатысы жоқ. Себебі бұл заңның өзі азаматтардың төлем қабілетін арттыру мақсатында жазылған. Ал, алаяқтық жолмен банкроттыққа қол жеткізгендердің қарызы сот арқылы қайтарылады.  

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Үш жылға дейін банкроттық кезінде әдейілеп мүлкін шығарса немесе бізден мәліметін жасырын қалдырса шара қолданылады.

Сонымен қатар банкрот деп танылуға «көмектесетін» пысықайлар да пайда болған. Қаржы министрінің орынбасары ол алаяқтардан абай болу керектігін ескертті. Алаяқтар несиенің белгілі бір процентін берсе банкрот деп танылуға көмектесем деп алдайтын көрінеді. Алайда бұл борышкердің қаржылық жағдайы мен төлем қабілетін бағалаған соң ғана қабылданатын шешім. Ол үшін ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ дейді ведомство өкілі.


Хабарламаларға жазылу