Дала билеушілерінің дипломатиясына арналған еңбек таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дала билеушілерінің дипломатиясына арналған еңбек таныстырылды

13.01.2023

Алматыда көрнекті ғалым, шығыстанушы Клара Хафизованың «18-19 ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы» атты монографиясы таныстырылды. Туынды Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында басып шығарылған. Құнды еңбек екі ғасыр бойы қазақ мемлекеттілігін, аумақтық тұтастығы мен ұлттық бірлігін сақтап қалу жолындағы Қазақ хандығы билеушілерінің үш ұрпағына арналған. Клара Хафизова - тұңғыш қытайтанушы қазақ ғалымы, бірнеше ірі монографияның, Қытай, Иран, Англия, Жапонияда жарияланған көптеген мақаланың авторы. «Бұл кітап жарты ғасырлық Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының тарихына арналған еңбегімнің жемісі»,- дейді академик.

Клара Хафизова, академик, шығыстанушы ғалым:

Басқа елдердің қатынасын, саясатын қарап, сол уақытта қазақтың да саясатына көңіл аударасың. Соны қорытынды жасап, бөлек кітап шығарайын дедім. Әрбір хаттармен, құжаттармен дәлелдеуге болады. Өйткені, қазақ билеушілері сыртқы саясатты жүргізді ма, сауда-саяси қатынастары болды ма, мәдениет қатынастары болды ма, болды.


Хабарламаларға жазылу