Елбасы туралы заң күшін жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы туралы заң күшін жойды

13.01.2023

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заң қабылданды. Сенат пен Мәжілістің депутаттары құжатты бірауыздан қолдады.

Дарын Сағитов, тілші:

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» заң қабылданды. Жиында құжат екі оқылымда қаралды. 11 қаңтар күні Мәжілістің жалпы отырысында аталмыш заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелген болатын. Артынша Сенат депутаттары бірлескен комиссияға депуттарын сайлады. Ортақ шешіммен Елбасы туралы заңда көрсетілген артықшылықтардың барлығы күшін жойды. Тұңғыш президентке тек экс-президентке қатысты нормалар қолданылады.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазақстанның демократия мен прюализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде жеке топтардың, билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеуі маңызды. Сондықтан ҚР Мәжілісінің бір топ депутаттары халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескере отырып, аталған заң жоабсын ұсынды. Өз кезегінде Жаңа Қазақстан депутаттық тобы аталған мәселе бойынша Конституциялық сотқа жүгінді.

2022 жылдың басында Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынған болатын. Былтыр ақпанда Парламент Елбасы туралы заңға түзетуді қабылдады. Жақында ғана Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою мәселесі бойынша нормативтік қаулы шығарды. Конституциялық сот «Елбасы туралы заңның Қазақстанда қолданыста қалуына құқықтық негіз жоқ» деп таныған болатын. Ал кеше ғана Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мәртебесі жойылды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу