Қарағанды облысында соңғы екі аптада көшеде жүріп жарақат алғандардың саны 1600 адамға жетті. Әсіресе, көктайғақта жығылғандар көбейген.
Қаңтар басталғалы боран соғып, кейін күн күрт жылып қар еріді. Ал апта басында аяз күшейіп, кей кездері -30 градусы көрсетті. Салдарынан көшелер көктайғаққа айналды. Аурухананың жарақат бөліміне тәулігіне 100-ге жуық адам түседі екен. Басым дені – құлап жарақат алғандар. Коммуналдық қызмет өкілдері жаяу жүргінші соқпағы мен жолдардың мұзын аршып үлгермей жатыр.
Ерік Шонбаев, Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі:
Соңғы екі аптада 1600 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір далада көктайғақ. Мұздан құлап, жарақат алғандар жиіледі. Тұрғындарға көшеде абайлап жүруге кеңес береміз.
Руслан Нұрланұлы