Күмәнді компанияларды анықтайтын бот пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күмәнді компанияларды анықтайтын бот пайда болды

12.01.2023

Кез келген компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын қазақстандықтар бірнеше минутта тексере алады. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл мақсатта Telegram бот әзірлеген. Ол үшін азаматтар күмәнді компанияның сайтына кіруі керек. Немесе әлеуметтік желідегі парақшасының сілтемесін енгізуі қажет. Егер компанияда қаржы пирамидасының белгілері болса және бұл сілтеме «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен бұғатталған болса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарланады. Ал егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектілері болып табылса, тиісті жауап сәйкес анализден кейін жіберіледі.


Хабарламаларға жазылу