Президент Ералы Тоғжановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ералы Тоғжановты қабылдады

12.01.2023

Ақтөбе облысында 3 триллион теңгенің жобалары жүзеге аспақ. 12 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Мемлекет басшысына есеп берген облыс әкімі айтты. Ералы Тоғжановтың сөзінше бұл соңғы үш айдағы жұмыстың нәтижесі. «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оған былтыр 3 миллиард, биыл қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінген. 315 елдімекенді кешенді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Президент инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
Негізгі сұрақтардың бірі ол Ақтөбе облысындағы жолдың мәселесі. Сонымен қатар әлеуметтік, үлкен мәселелерді шешу жолдары туралы нақты есеп берілді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу