Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау облысындағы филиал директоры қамауға алынды. Оған бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.
Күдікті медицина саласындағы фирма директорымен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің базалық жүйесіне 600-ге жуық адамға медициналық көмек көрсетілді деп жалған дерек енгізген. Осылайша мемлекетке 17,5 млн теңге шығын келтірілген.
Данияр Төлегенов, облыстық Прокуратураның басқарма бастығы:
Соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Аталған қылмыс ауыр санаттағы қылмыс. Яғни 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Аталған тұлғалардың әрекеттеріне сот өзінің бағасын береді.
Аягөз Оралбайқызы