Президент Ильхам Әлиев Қарабақтағы армяндарға не Әзербайжан азаматтығын қабылдау, не аймақтан кету туралы талап қойды. Және де Әлиев Қарабақтағы армяндарды Армениямен байланыстыратын жалғыз жолдың жабылғанын жоққа шығарды.
Айта кетсек, бұл дәлізге өткен айдан бері өздерін «эко-белсенділер» деп атаған бір топ адам тосқауыл қойып отыр. Олар Қарабақтағы армяндар бақылауындағы алтын және минералдық кеніштерге әзербайжандық мамандардың мониторинг жүргізуін талап етіп жатыр.
Алайда армяндардың сөзінше, Баку бұл акцияны Қарабақтағы армяндарды Әзербайжанның егемендігін мойындауға немесе оларды Арменияға көшуге мәжбүрлеу үшін әдейі ұйымдастырып отыр. Әлиев үкіметі болса, бұл мәліметті растамады.
Арыстан Рысбек