Ресейдің Саха Республикасында ауа райы күрт төмендеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Саха Республикасында ауа райы күрт төмендеуі мүмкін

12.01.2023

Ресейдегі жер көлемі бойынша ең үлкен аймақ - Саха Республикасының кей аудандарында апта соңына қарай 65 градус аяз болуы мүмкін. Мұны «Гисметео» метеорологиялық онлайн қызметі хабарлап отыр.

Дегенмен, қаңтар айындағы жалпы көрсеткіш бойынша сынап бағанасы орта есеппен 38-40 градус болмақ. Сондықтан аймақ астанасы Якутск қаласының тұрғындары күн райы азғана уақыт 60 градусқа дейін суытса, оған төзу аса қиын емес дейді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу