Астанада Үнді мәдениеті таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Үнді мәдениеті таныстырылды

06.04.2015
Астанада Үнді мәдениеті таныстырылды

Шығыс стиліндегі кеште көпшілік үндінің Ситары мен Таблынан құлақ құрышын қандыратын әуезді әуен тыңдады. Үндістандық Пандит Пратик Чаудхури өздерінің ұлттық аспабын кеш қонақтарына таныстырып, қазақ халқының қонақжайлығы мен дархандығына алғыс білдірді.

Қос аспап арқылы сан түрлі күй мен әсем ән де шырқауға болады. Кештің көркін үндінің ұлттық әндері қыздыра түсті. Елімізде тұңғыш өткізілген фестиваль бұған дейін Ашхабад пен Бішкекте ұйымдастырылған.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу