Кенесары ханның бас сүйегі Ұлттық пантеонда жерленуі тиіс – Бақытбек Смағұл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенесары ханның бас сүйегі Ұлттық пантеонда жерленуі тиіс – Бақытбек Смағұл

11.01.2023

Кенесары ханның бас сүйегі елордадағы Ұлттық пантеонда жерленуі тиіс. Ал мылтығын Ұлттық мұражайға қойып, көпшілік назарына ұсыну қажет. Мәжіліс отырысында Бақытбек Смағұл өзінің депутаттық сауалында осы мәселені көтеріп, Үкімет басшысынан қолдау сұрады. Қазір ханның бас сүйегі мен мылтығы Мәскеуде этнографиялық мұражайда тұр. Депутат тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулердің нәтижесі бойынша, мылтықтың ханға 100 пайыз тиесілі екенін, ал бас сүйектің сәйкестігі 90 пайыздан асатынын да айтты.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кенесары ханның туғанына 220 жыл және Ұлы ханымыз бастаған көтеріліске 185 жыл толуын, мұның ұлттық тарихтағы маңызды орнын ескере отырып, сонымен қатар Әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Сізден Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу